Энергияны үнемдеу: Болашаққа инвестиция.
Әлемде экономика мен халық санының өсуіне байланысты энергияға деген қажеттілік күрт артып келеді. Қазақстанда өздерінің стратегиялық даму жоспарына назар аудара отырып, энергия тұтынуды азайтуға тырысуда. Энергия шығынын азайту қоршаған ортаға жүктемені азайтып қана қоймай, болашақ ұрпаққа пайда әкелері хақ.
Біздің «Астана-АЭК» АҚ компаниясы аудит жүргізу және іс шараларды іске асыру арқылы, энергия тиімділігін арттыру бойынша белсенді жұмыс істейді, ол мыңдаған киловатт энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді. Болашақ жоспарлар ресурстарды едәуір үнемдеуге бағытталған.
Энергияны үнемдейтін технологияларды қолданып және жаңартылатын энергия көздерін дамыта отырып, біз энергияны тұтынуды азайтып қана қоймай, қоршаған ортаға әсерді азайтамыз.
Энергияны үнемдеу – бұл біздің ортақ болашағымызға салынған инвестиция, онда әрқайсымыз оның ресурстарын таза және салауатты қоршаған әлем үшін сақтай отырып, табиғатпен үйлесімді өмір сүре аламыз.
Энергия үнемдеу күні құтты болсын!