«ЖЕР-2023»
Жер сілкінісі туындаған кезде төтенше жағдайлар кезінде азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің іс-қимылдарын жақсарту үшін Қазақстан Республикасы ТЖ министрлігі ұйымдастырған «ЖЕР-2023» оқу-жаттығуына қатыстық.
«Астана-АЭК»» АҚ қызметкерлері осал өңірлерде жойқын жер сілкінісі туындаған жағдайда апат аймағына жіберуге арналған теміржол платформасына арнайы техниканы тиеу бойынша өз дағдыларын іс жүзінде көрсетті.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша Астана қаласының ТЖ департаменті «Астана-АЭК» АҚ Азаматтық қорғау құралымы құрамының іс-қимылын сауатты, үйлесімді және жедел деп таныды.