Қаладағы жайлы өмір инженерлік желілердің жұмысымен тікелей байланысты. Қаланың кеңейіп, тұрғындар санының өсуін ескерер болсақ, коммуникацияларға түсетін күш артып келеді. Барлық желі бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз.
«Астана – АЭК» АҚ-ға арнайы барып, қаламызды электрмен жабдықтаудың қазіргі және перспективалы схемасы мәселелерін энергетиктермен бірлесе талқыладық.
✅2023-2024 жж. жылыту маусымына дайындық аясында 110 кВ әуе желілеріне, 10 кВ әуе желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді, сол сияқты кернеуі 20-10 кВ тарату трансформаторлық қосалқы станцияларын күрделі жөндеу жұмысы аяқталуға жақын.
✔️Бұдан бөлек, «Мыңжылдық» аллеясы ауданындағы жаңа нысандарды электрмен жабдықтауға қосу үшін 40 МВА трансформаторларын 80 МВА-ға ауыстырып, «Жұлдыз» 110/10 кВ қосалқы станциясын қайта құру жұмысын жүргіземіз.
✔️Теміржолшылар елді мекенінің тұтынушыларын қаланың электр желісіне қайта қосу үшін жаңа «Қазбек» 110 кВ қосалқы станциясының құрылысы басталды.
Сол сияқты кездесуде өзге де түйткілді мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.