Астанада табиғи монополиялар субъектілерінің объектілері бойынша баспасөз турлары өтеді
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті «Астана-Теплотранзит» АҚ, «Астана - Өңірлік электржелілік компания» АҚ, «Астана Су Арнасы» МКК объектілері бойынша 2022 - 2023 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалардың іс-шараларын орындау бойынша баспасөз турларын өткізуді жоспарлап отыр.
Баспасөз турлары келесі кестеге сәйкес өткізіледі:
2023 жылғы 15 тамызда «Астана-Теплотранзит» АҚ жылу трассасын қайта жаңарту бойынша 3 объектісіне бару (Ташенов көшесі, 10-үй, Әуезов көшесі, 27-үй, Республика даңғылы, 27-үй);
2023 жылғы 23 тамызда «Астана - Өңірлік электржелілік компания» АҚ - ның 3 объектісіне бару «ПНФ» қосалқы станциясын қайта жаңарту (Мирзоян, 29п үй), «Центральная» қосалқы станциясын қайта құру (Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылы, 4 үй), тарату және трансформаторлық қосалқы станциялардағы жабдықтарды ауыстыру (Күйші Дина көшесі, 1 үй);
2023 жылғы 6 қыркүйекте «Астана Су Арнасы» МКК 3 объектісіне бару, оның ішінде 2 су құбыры желісін қайта жаңарту (Шарль де Голль көшесінен Әлиев көшесіне дейін) және (шағын аудан. Қараөткел Жылыой көшесі), кәріз желілерін қайта жаңарту (Әлиев көшесінен Абылай хан даңғылы 14/1 үйге дейін).
Осыған байланысты Департамент аталған іс-шараға қалалық мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, қызмет тұтынушыларын, тәуелсіз сарапшыларды, БАҚ және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.
Жиналу орны мен уақыты: Астана қ., А. Петров к-сі, 5-үй, сағат 09. 30-да кестеге сәйкес баспасөз туры өткізілетін күні.
Қатысқан жағдайда тізімдерді қалыптастыру үшін баспасөз турының алдындағы күні сағат 17:00-ден кешіктірмей Департаментті хабардар етуді сұраймыз.
БАҚ-ты аккредиттеу баспасөз туры өткізілетін күнгі сағат 9:00-ге дейін жалғасады.
Туындаған сұрақтар бойынша телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: 8/7172/36-11-57.
Аккредиттеу мәселелері бойынша: 8-705-511-19-75 телефоны, электрондық мекен-жайы Anara_02@mail.ru бойынша хабарласуға болады.