Қайырлы күн, құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

01 августа 2023

Сіздерге деген қамқорлықпен жасалған өзгерістер туралы хабарлаймыз. 
Сіздерге қолайлы болу үшін, 2023 жылдың 7 тамызынан бастап   "Астана-АЭК" АҚ абоненттік учаскесі жаңа мекенжайға Астана қаласы, А. Иманов көшесі, 11-ге көшеді.    

Біздің жаңа кеңсе Сіздер үшін келесі кесте бойынша жұмыс істейді: 
- Жұмыс күндері: сағат 08: 30-дан сағат 17: 30-ға дейін 
- Сенбі: сағат 08: 30-дан сағат 13: 00-ге дейін. 

2023 жылдың 7 тамызынан бастап Астана қаласы, Абай көшесі, 80 мекенжайындағы абоненттік учаске келушілерді қабылдамайтындығына назар аударамыз.