Абикенов Багытжан Молдақанұлын салтанатты жағдайда құрметті еңбек демалысына шығарып салдық.

18 июля 2023

Багытжан Молдақанұлы кәсіпорында 2014 жылдан бері еңбек етті. 2016 жылы еңбекті қорғау және қауіпсіздік секторын басқарды. Соңғы жылдары еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жетекші инженер болып жұмыс істеді. «Еңбек сіңірген энергетик» атағына, «Еңбек ардагері» медалі мен басқа да марапаттарға ие.  

 

Құрметті   Багытжан Молдақанұлы!

Еңбек еткен жылдар ішінде өзіңізді жауапты және еңбекқор жұмыскер ретінде көрсете білдіңіз және көптеген қызметкерлер үшін лайықты үлгі болып табыласыз. Бізге берген тәлім-тәрбиеңіз, пайдалы кеңестеріңіз үшін, жемісті еңбегіңіз үшін  Сізге зор алғысымызды білдіреміз. 

Еңбегіңіз еленіп құрметті демалысқа шыққан қуанышты күніңіз құтты болсын! Еткен еңбегіңіз бен төккен теріңіз аз емес. Ендігі сол еңбектің зейнетін көріп, ауырмай-сырқамай немере, шөберенің ортасында бақытты ғұмыр кешіңіз!