Биыл “Астана-АЭК” ұжымы Наурыз мерекесін алғаш рет жанға жайлы жылы күнде атап өтті. Энергетиктер кәсіпорын аумағында жиналғандарға киіз үйлер тігіп, палау басып, бауырсақ пен Наурыз көже ұсынды. Гирь көтеру, арқан тарту мен білек күшімен сынасу жарыстары да өте тартымды өтті. Сондай-ақ қатысушылар ең дәмді Наурыз көже дәмдеуден және тұсаукесер, сырға салу, бесікке салу мен беташар дәстүрлерін ортаға салып сайысты қыздыра түсті. Аталған іс-шара өте тартымды өтті. Жиналғандар жүзінен көтеріңкі көңіл лебі есіп тұрды.
Жиналғандар жаңа жылымыздың көктем лебі отбасына амандық, бақ-береке әкелсін деген тілектерін жолдады.