Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні құтты болсын!

29 апреля 2023

Қызмет бабына байланысты энергетиктер күн сайын жоғары кернеумен жұмыс істейді. Бұл адамдар біздің үйлерімізде жарық пен жылу болуы үшін күн сайын басын қауіпке тігеді. Сондықтан энергетикалық кәсіпорында пайдалану сенімділігі мен қауіпсіздік техникасы қызметінің маңыздылығы мен қажеттілігін асыра бағаламау қиын. Қызмет мамандары еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасына көп көңіл бөледі, бұл жұмыскерлер арасында жарақат пен аурудың азаюына әкелуде.
Еңбекті қорғауға жауапты барлық мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз. Сіздерге қалыпты жұмыс күндерін, мықты денсаулық, амандық, табыс және барлық істеріңізге сәттілік тілейміз!