Әкімшілік істі қарау барысында «Арт-Стройсеть» ЖШС 2023 жылдың 08 сәуірде жер қазу жұмыстары кезінде кабельдік желілерін зақымдады, бұл 2015 жылғы 30 наурыздағы №246 тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидасының 243, 245 тармақтарын бұзу болып табылады.
Осыған байланысты Департамент, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 802-бабының 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, «Кернауі 1000 вольтқа дейінгі электр желілерін (әуе электр желілерін, трансформаторлық және өзгертуші шағын станцияларды, бөліп тартқыш құрылғылар мен ауыстырып қосқыш пунктерді) бүлдіру» бойынша «Арт-Стройсеть» ЖШС-ті Кодекстің 302-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Компанияның заңды өкілі бұл құқық бұзушылықпен келісті, осыған байланысты әкімшілік іс жеңілдетілген тәртіпте қаралды. Айыппұл төленді.
Департамент барлық жеке және заңды тұлғаларға электр желілері жанында қазба және құрылыс-монтаждық жұмыс жасаған кезде Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын және Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын сақтау керектігін ескертеді.