Әкімшілік істі қарау барысында «ДорСтрой 2030» ЖШС 2023 жылдың 19 ақпанда электр желілерінің иелерімен келісімсіз ВЛ-110 кВ «АТЭЦ-2-Сороковая» күзет аймағында жер жұмыстарын жүргізгені және 13-14 ВЛ-110 кВ тірек аралықтарынында «В» фазасының сымына зақым келтіргені анықталды., бұл 2017 жылғы 28 қыркүйектегі №330 Электр желілері объктілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидаларының және осындай аймақтрдың шекарасында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекще шарттарын бұзу болып табылады.
Осыған байланысты Департамент , ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 802-бабының 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, «ДорСтрой 2030» ЖШС-не қатысты Кодекстің 305-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.Электр желілерінің жауапты ұйымның келісімінсіз учаскелерді, электр желілерінің күзет аймақтарын орналастыруға байланысты жер жұмыстары. Компанияның заңды өкілі бұл құқық бұзушылықпен келісті, осыған байланысты әкімшілік іс жеңілдетілген тәртіпте қаралды. Айыппұл төленді.
Департамент барлық жеке және заңды тұлғаларға электр желілері жанында қазба және құрылыс-монтаждық жұмыс жасаған кезде Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын және Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын сақтау керектігін ескертеді.