2022 жылдың 24 тамызы мен 13 қазаны аралығында қылмыстық топ «Депутаттық қалашық» ауданында электр желілерінің кабель каналдарының шахтасына кіріп, осы кабельдерді ұрлаумен айналысқан, осылайша «Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ мен «Астана-АЭК» АҚ-ға елеулі материалдық зиян келтірген.
Электр беру желісін қалпына келтіру бойынша жалпы шығын 18 708 837 теңгені құрады.
2023 жылғы 22 ақпандағы сот үкімімен айыпталушылар ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 2 жылдан 4,5 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.