«Астана-АЭК» АҚ 2022 жылғы желтоқсан айындағы түбіртектерде электр энергиясы бойынша есептеулердің артық көлеміне тұтынушылардың өтініштері бойынша келесідей түсіндіреді:
1. «Астанаэнергосбыт» ЖШС-де көрсеткіштерді алу кезеңі 20-25-ші, ал «Астана-АЭК» АҚ-да 20-30-шы күндері болды. Нәтижесінде, 2022 жылғы желтоқсандағы есептеу кезеңі 30-35 күнтізбелік күнді құрады.
2. «Астанаэнергосбыт» ЖШС кейбір тұтынушылар бойынша электр энергиясын есептеу аспаптарының көрсеткіштерін шартты түрде ұсынды. «Астана-АЭК» АҚ-ға ауысқаннан кейін нақты көрсеткіштер алынды.
3. «Астанаэнергосбыт» ЖШС және «Астана-АЭК» АҚ екі бағдарламалық кешенінің техникалық іркілісіне байланысты көлемдердің дұрыс есептелмеуі орын алды және нәтижесінде артық шоттар қойылды.
✅ Бағдарламалық кешендерде ауытқуларды (дұрыс емес есептеулерді) бірлесіп талдағаннан және анықтағаннан кейін артық төленген соманы алдағы кезеңдерге қайта бөлу жүргізіледі.
4. Электр энергиясы үшін есептеулерге қатысты барлық өтініштер бойынша түсініктемелер беріледі. Қажет болған жағдайда қайта есептеу жүргізіледі. Абай көшесі, 80 мекенжайында орналасқан «Астана-АЭК» АҚ кеңсесінде тұтынушыларға 20 маман қызмет көрсетеді. Ақпаратты жедел өңдеу үшін басшылардың WhatsApp-нөмірлерін хабарлаймыз:
• Басқарма төрағасының өткізу жөніндегі орынбасары Кожабаев Габидулла Нассеньевич +7 771 020 0791;
• электр энергиясын есептеу және есеп айырысу қызметінің бастығы Газезов Кайролла Капезович +7 776 118 7176;
• электр энергиясын есептеу және есеп айырысу қызметі бастығының орынбасары Кулов Алмаз Абдырахманович +7 701 515 5559.
Электр энергиясы үшін есептелген көлемді қайта есептеу бойынша:
- фронт-кеңсеге, Абай көшесі, 80
- электрондық пошта priemzhalob@astrec.kz жүгінуге болады.
МИБ төрағасымен келіскен жағдайда ұжымдық өтінім беруге болады.