Техникалық ақауларға байланысты тұтынылған электр энергиясының көлемі дұрыс есептелмеді және нәтижесінде артық шоттар қойылды.
«Астана-АЭК» АҚ мамандары «Астанаэнергосбыт» ЖШС-мен бірлесіп әрбір есептеуді қарап, одан әрі түзету енгізеді. Барлық қайта есептеулер келесі айдағы түбіртектерде көрсетіледі.
Электр энергиясы бойынша есептеулердегі туындаған жағдайға байланысты Сізден кешірім сұраймыз.
Сонымен қатар, электр энергиясын есепке алу құралдарының деректерін ай сайын сізге ыңғайлы түрде беру қажет екенін хабарлаймыз:
- Call center 643-407;
- WhatsApp бот: 8 771083-77-94;
- Telegram бот: AstanaREC-bot;
- Сайт: Etolem.kz;
- ЖҮҚ үшін электрондық пошта: odn@astrec.kz.