«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ-не (бұдан әрі – Департамент)күштік кабельдік желілерінің зақымдалғаны туралы «Астана – РЭК» АҚ келіп түскен материалдар бойынша әкімшілік іс қозғады. Әкімшілік істі қарау барысында «СК Джунгар» ЖШС 2022 жылдың 28 қазанында жер қазу жұмыстары кезіндекүштік кабельдік желілерін зақымдады, бұл 2015 жылғы 30 наурыздағы №246 тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидасының 243, 245 тармақтарын бұзу болып табылады.
Осыған байланысты Департамент , ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 802-бабының 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, 1000 вольттан жоғары электр желілерінің зақымдануы үшін «СК Джунгар» ЖШС-ті Кодекстің 302-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Компанияның заңды өкілі бұл құқық бұзушылықпен келісті, осыған байланысты әкімшілік іс жеңілдетілген тәртіпте қаралды. Айыппұл төленді.
Департамент барлық жеке және заңды тұлғаларға электр желілері жанында қазба және құрылыс-монтаждық жұмыс жасаған кезде Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын және Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын сақтау керектігін ескертеді.
\