10 қарашада Қазақстанда цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні атап өтіледі.
Цифрлық трансформация қоғамның өмір сүру сапасын жақсартатын, еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ететін, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі факторлардың бірі болып табылады.
«Астана-АЭК» АҚ-да компьютерлердің пайда болуымен оларға қызмет көрсетуді РҚА қызметінің құрамына кіретін топтар жүзеге асырды. Компьютерлік технологияларды белсенді енгізуге байланысты 2001 жылы ақпараттық технологиялар және байланыс бөлімі ұйымдастырылды. Осы жылдың қаңтар айында цифрландыру басқармасы құрылды, ол екі бөлімнен тұрады: цифрландыру басқармасының ақпараттық технологиялар және әдіснама бөлімі.
Бағдарламашы-жігіттерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Өмірде бәрі үзіліссіз және ең жетілген процессор деңгейінде жұмыс істесін!