«Біз үшін ең бастысы – елдегі бейбітшілік пен тыныштық, сондай-ақ халықтың әл-ауқатының өсуі. Біз халық коалициясының кандидаты Қазақстанның тұрақты дамуының кепілі екеніне сенімдіміз», - деді «Қазақстан Халықтық партиясының» мүшесі, «Қазақстан Халықтық партиясы» ҚБ Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрдәулет Оразханов кездесуде.
Халық коалициясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдайтын көптеген қазақстандықтарды біріктірді. Үгіт-насихат жұмысының басты міндеті-әр азаматқа, әр сайлаушыға оның сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндіру және жеткізу болмақ.