Басқарма төрағасы Ерлан Бердалин ұжымды ұлттық мерекемен құттықтап, елорданың электр желілерін дамытуға үлес қосқан үздік қызметкерлерді Астана қаласы әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
Осы күні республика күнін мерекелеу аясында ресми іс-шарада Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов тәуелсіздік жолында табандылық танытқан компанияның еңбек сіңірген энергетиктеріне марапаттар табыс етті. «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен Есіл АЭЖ аға шебері Сыздықов Қали Үсенұлы және Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамоталарымен кабельді желілер қызметінің шебері Таутеков Серік Тақанұлы және жедел-көшпелі қызметтің жүргізушісі Шкробтак Ринат Анатольевич марапатталды.
Қазақстандықтарды келе жатқан Республика күні мерекесімен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз.
#АстанаРЭК #ЭлектрическиеСети
#ДеньРеспублики #РеспубликаКүні