«Астана-АЭК» АҚ-да өртке қарсы жаттығу өткізілді. 

14 октября 2022

 

14 қазанда жаттығу жоспарына сәйкес әкімшілік-тұрмыстық кешенде ғимаратта ықтимал өрт туралы сигнал берілді, содан кейін эвакуацияны хабарлау және басқару жүйесі іске қосылды. Автоматты режимде шығатын есіктердің құлпын ашуға, бірінші қабатқа түсу үшін лифттерді басқару жүйесіне, ауа тартқыш желдетуді қосуға команда түсті. 
Түтіндеу ауданында 1 қабатта «өрт ошағын» сөндіру бойынша жаттығу іс-шаралары өткізілді, екі адамнан тұратын «зардап шеккендерді» эвакуациялау жүргізілді, медперсоналды шақыру және «медициналық көмек көрсету» жүзеге асырылды. 
«Байланыс тобы», «өртке қарсы топ», «санитариялық топ» және «күзет тобы» құрылымдары дайындыққа келтірілді. 
Жаттығу АҚ және ТЖ штабына хабарлау, «өртті» сөндіру, «зардап шеккендерге» алғашқы медициналық көмек көрсету, ғимаратта қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша қызметкерлердің тамаша білімі мен дағдыларын көрсетті.