С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессорлық-оқытушылар құрамын, қызметкерлері мен білім алушыларын 65 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!   

03 октября 2022

Университеттің тарихы таңдай қақтырады: тек үш факультеттен тұратын институттан  солтүстік аймақтың ғана емес, бүкіл елдің ғылыми зерттеу университетіне, ғылыми- білім беру орталығына айналды.   

Түлектер – білім беру мекемесінің абыройы мен мақтанышы. «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ-да Қазақ агротехникалық университетінде өмірге жолдама алған 250-ден астам энергетик еңбек етеді. Көбі айтарлықтай биіктерге жетті және басшылық лауазымдарда.

Осы айтулы күні «Астана-АЭК» АҚ ұжымы одан әрі серпінді дамуды, жаңа табыстар, қызықты жобалар мен жарқын идеяларды тілейді!