Энергетика саласында көп жылдар бойы қажырлы еңбек етіп,  лайықты демалысқа шыққан жандар

30 сентября 2022

«Астана-АЭК» АҚ тарихы 1980 жылы «Қалалық электр желілері» кәсіпорнының құрылуынан бастау алады. 

Компанияның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері біздің ардагер-энергетиктердің еңбек қызметімен тығыз байланысты.  

Олардың көпшілігі мамандыққа жүрек қалауы бойынша, жас кезінде келді. 

Тоқырау кезеңіне сәйкес келген, кәсіпорынның қалыптасу кезінде, қайта құру дәуірінде, қарқынды екі мыңыншы жылдары да Сіздерді Прометей сияқты, адамдарға жарық әкелуге деген шынайы да арынды  талпыныстарыңыз біріктірді.     

Күнтізбеде қай жыл, тәуліктің қай уақыты, қандай ауа-райы екені маңызды емес.  

Күндіз-түні, қақаған қыста және аптап ыстықта жұмыс істеу керек болды.  

Демалысты, жеке өмірді, тыныш ұйқы мен денсаулықты құрбан ету керек болды.  

Тек Сіздер, энергетика ардагерлері энергия объектілерін салу, жаңа жабдықтарды іске қосу, кабельдерді тарту, шағын станцияларды жаңғырту және аварияларды жою  оңай шаруа емес екенін білесіздер.  Сіздер үшін жұмыс әрқашан жеке мүддеден жоғары болды.   

Сол кездегі барлық қиындықтар артта қалды. Сіздер күрделі міндеттерді шешіп,  компанияны алдыңғы қатарға шығарып,  жылдан жылға елорда  энергетикасының ұстанымын нығайта түстіңіздер.         

Бүгінде Астана қаласының электр желілері тұтынушыларды электрмен сенімді және үздіксіз қамтамасыз ете отырып, табысты дамуда.   

Құрметті энергетика ардагерлері -  біздің тәлімгерлер!  Бүгінгі таңда Сіздердің бастаған істеріңіз жас ұрпаққа мұра болып қалды.  Сіздердің арқаларыңызда өз жұмыстарын жауапкершілікпен және кәсіби орындайтын көптеген білімді де білікті энергетиктер өсіп, жетілді.  

Біздің кәсіпорынның күші кадрлар мен тамаша дәстүрінде. 

«Астана-АЭК» АҚ-да бұрын компанияда жұмыс істеген зейнеткерлерді дәстүрлі түрде 1-қазан Халықаралық қарттар күнімен құттықтады.  Қоғамның ұжымы өзінің білімі мен өмірін, денсаулығы мен жастығын сүйікті жұмысына арнаған жандарға құрмет көрсетті. 

Біз Сіздерге қажырлы еңбектеріңіз бен мол тәжірибелеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!  

Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, ұзақ өмір және амандық тілейміз!