Кездесулер 23-26 қыркүйек аралығында профилактикалық науқан аясында өтті. Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл тақырыбы «Астана-АЭК» қызметкерлерінің үлкен қызығушылығын тудырды. Белгілі болғандай, олардың кейбіреулері алаяқтардың қулықтарына тап болған. Зиянкестер «жеңілдетілген онлайн-кредиттерді», «төмен пайыздық мөлшерлемемен шағын қарыздарды» ресімдеу, сондай-ақ жылжымайтын мүлікті сатып алу және өз кірістерін салынған қаражаттың 70-тен 100%-ға дейін көбейту бойынша қашықтықтан қызметтер ұсынған.
Қаржы пирамидасының негізін қалаушылар инвесторларға ұзақ уақыт бойы қолдау мүмкін емес, жоғары кірісті уәде етеді. Пирамиданың барлық қатысушылар алдындағы міндеттемелерін өтеу көрінеу мүмкін емес.
«Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде пирамидалар көбейіп келеді. Сондықтан, егер сізді әртүрлі чаттарға, әлеуметтік желілердегі ортақ әңгімеге қосылуға шақырса, абай болыңыздар. Абайсызда онлайн пирамидаға тап болуыңыз мүмкін!»,- деп ескертеді аға жедел уәкіл А. К. Асанова.
Егер Сіз пирамиданың құрбаны болсаңыз, дереу Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне мына мекенжай бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: Желтоқсан көшесі 43, телефоны 87172-76-79-43.