"Астана АЭК" АҚ басшылығы, кәсіподағы және "Аманат" партиясы өкілдерінің қатысуымен "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы аясында балалар кеңсе құрал-жабдықтары бар рюкзактар алды.

01 сентября 2022

"Астана-АЭК" АҚ кәсіподақ ұйымы үшін бірінші сыныпқа баратын кәсіподақ мүшелерінің балаларын білім күнімен құттықтау игі дәстүрге айналды. Биылғы жылы 26-бірінші сынып оқушысы мектеп құрал-жабдықтары жиынтығы түріндегі  сыйлықтарға ие болды.   Сондай-ақ "Астана АЭК" АҚ басшылығы, кәсіподағы және "Аманат" партиясы өкілдерінің қатысуымен "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы аясында балалар кеңсе құрал-жабдықтары бар рюкзактар алды.

Құрметті бірінші сынып оқушылары, білім күні сіздер үшін жарқын және қуанышты мереке болсын.  Сіздерге табандылық пен күш-жігер, білімге деген ұмтылыс, қызықты жаңалықтар,   бақытты және көңілді мектеп өмірін  тілейміз. Сіздердің алғашқы оқу жылдарыңыз сәтті әрі қызықты болсын!