«Астана-АЭК» АҚ кәсіподақ төрайымы С.С. Баймағанбетова кәсіподақтың 2022 жылдың 1-жарты жылдығында атқарған жұмыстары туралы есеп берді.
Кәсіподақ ұйымының төрағасы сайланды: қатысушы делегаттардың көпшілік дауысымен С.С. Баймағанбетова өз қызметін жалғастырады.
Сондай-ақ конференция хаттамасы бойынша кәсіподақ комитетінің, бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері сайланды.
Кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрылып, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар сайланды. Тамыз айының басында «Астана-АЭК» АҚ жұмыскерлері кәсіподағының жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру үшін комиссия құрамына сайланған кәсіподақ комитетінің мүшелерімен кездесу өтеді.