Владимир Иванович еңбек жолын 1966 жылы Целинэнергода слесарь болып бастап, шеберден кәсіпорынның бас инженеріне дейін еңбек жолынан өтті.
Жоғары кәсіби біліктілігі мен Қазақстан энергетикасындағы көп жылғы еңбегі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі» атағы берілді.
Владимир Ивановичтің тікелей қатысуымен бірнеше шақырым электр беру желілері, ондаған трансформаторлық шағын станциялар салынды, электрмен жабдықтау желілерін қайта құру және жаңғырту жүргізілді.
Владимир Ивановичтің әрқашан бөлісуге дайын тұратын бай тәжірибесі, кәсіби және адами қасиеттерінің арқасында елорданың электр желілері тұрақты және сенімді жұмыс істейді.
Құрметті Владимир Иванович!
Сізді мерейтойыңызбен құттықтаймыз! Әріптестеріңізге үлгі болып табылатын жанкешті және қажырлы еңбегіңіз үшін, әділдік пен табандылығыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!
Сізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ өмір тілейміз! Айналаңыз қуаныш пен шаттыққа, бақыт пен табысқа, мейірім мен қамқорлыққа толсын! Әр сәт Сізге тек бақыт пен қуаныш сыйласын!
«Астана-АЭК» АҚ ұжымы
22.07.2022ж.