Зейнетке шығу – өмірдің жаңа бастамасы!

15 июля 2022

Козлов Константин Иванович 2008 жылдан бері еңбек етті. 2013 жылы электротехникалық қызметті басқарды, соңғы жылдары жобаларды келісу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
«ҚЭҚ Құрметті энергетигі» атағы, «Еңбек ардагері» медалі және басқа да марапаттары бар.
Старчак Виталий Терентьевич 1994 жылдан бері сылақшы-сырлаушы болып жұмыс істеді.
«ГОЭЛРО жоспарына 100 жыл» медалімен, Қазэнергокәсіподақтың «Құрмет грамотасымен» марапатталған.
Құрметті Константин Иванович және Виталий Терентьевич!
Ұзақ жылдар бойы өздеріңізді жауапты және еңбекқор қызметкер ретінде көрсете білдіңіздер және көптеген жұмыскерлер үшін үлгі болуға лайықтысыз.
Сіздерге жемісті еңбектеріңіз үшін, уақтылы берген орынды кеңестеріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Сіздерді құрметті демалысқа шығуларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Әркез жақсы көңіл-күй мен ұзақ, бақытты да қуанышты өмір тілейміз.