Жер жөндеу жұмыстарын рұқсатсыз жүргізгені үшін «KCI-Enginnering» ЖШС-ті әкімшілік жауапкершілікке тарту

16 июня 2022

Әкімшілік істі қарау барысында «KCI-Enginnering» ЖШС 2022 жылдың 09 сәуірінде жер қазу жұмыстары кезінде КЖ 20 кВ ПС «Олимп» ұяшық 306 - ГРП «Энергоцентр-2» ұяшық 107 кабельдік желілерін зақымдады, бұл 2015 жылғы 30 наурыздағы №246 тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидасының 242 тармағын, 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 330 электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу және осындай аймақтардың шекарасында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше жағдайлары қағидаларының 20-тармағын бұзу болып табылады.

Осыған байланысты Департамент , ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 802-бабының 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, электр желілеріне жауапты ұйымның келісімінсіз электр желілерін қорғау аймақтарында жер жұмыстарын жүргізгені үшін «KCI-Enginnering» ЖШС-ті Кодекстің 305-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Компанияның заңды өкілі бұл құқық бұзушылықпен келісті, осыған байланысты әкімшілік іс жеңілдетілген тәртіпте қаралды. Айыппұл төленді.

Департамент барлық жеке және заңды тұлғаларға электр желілері жанында қазба және құрылыс-монтаждық жұмыс жасаған кезде Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын және Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын сақтау керектігін ескертеді.