Әкімшілік істі қарау барысында «Байтур КZ» ЖШС 2022 жылдың 15 сәуірінде келісілмеген жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде ТШС-2513-ТШС-2524 1 (бір) КЖ 10 кВ және екінші кабельдің сыртқы қабатын зақымдаған, ол 2015 жылғы 30 наурыздағы №246 Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидасының 242-тармағын, 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 330 Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларының 20-тармағын бұзу болып табылады.
Осыған байланысты Департамент, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 802-бабының 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, Кодекстің 305-бабы бойынша қарамағында электр желілері бар ұйымның келісімінсіз электр желілерінің күзет аймақтарында жер қазу жұмыстарын жүргізгені үшін, Кодекстің 302-бабының 2-бөлігі бойынша кернеуі 1000 вольттан жоғары электр желісін зақымдағаны үшін «Байтур КZ» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартты. Кәсіпорынның заңды өкілі жүктелген құқық бұзушылықпен келісті. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы шығарылды.Департамент барлық жеке және заңды тұлғаларға электр желілеріне жақын жерде жер және құрылыс-монтаждық жұмыстарын жүргізу кезінде Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын және Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын сақтауды ұсынады.