Халықаралық балаларды қорғау күні жыл сайын әлемнің 30-дан астам елінде атап өтіледі және ең көне халықаралық мерекелердің бірі болып табылады. Балаларды қорғау күнінің басты мақсаты – қоғамның назарын балалардың нақты проблемаларына аудару. Бұл идея тікелей мерекенің атауында бар.
«Астана-АЭК» АҚ кәсіподағы дәстүрлі түрде компания жұмыкерлерінің балалары үшін мерекелік іс-шара дайындады. Алдымен «Мен және менің отбасым!», «Балалар бейбітшілік үшін!» және «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш!» тақырыптары бойынша сурет байқауы өтті. Байқау жеңімпаздарына сертификаттар мен грамоталар табыс етілді.
Шақырылған аниматорлар балаларды қызықты ойындар мен жарыстарға белсенді қатысуға тартты. Мерекеден кейін балаларды балмұздақ, попкорн және тәтті мақта беріп сыйлады.