Мемлекеттік рәміздер Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген, 9-бапта, сондай-ақ 34-бапта «әрбір азамат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін білуге және құрметтеуге міндетті» делінген.
Байқаудың тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш!». «Астана-АЭК» АҚ кәсіподақ мүшелерінің 78 баласы өз суреттерінде патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті білдірді
Баршаңызды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығымен құттықтаймыз. Баршаңызға еліміздің лайықты азаматы болуды тілейміз!