Энергетика министрі министрліктің қазіргі қызметі мұнай-газ және энергетика салалары сияқты стратегиялық бағыттарға шоғырланғанын атап өтті.
Министрлік сондай-ақ газ инфрақұрылымын іске асыру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және халықты мұнай өнімдерімен және сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету бөлігінде халық өмірінің негізгі салаларында мемлекеттік саясатты жүргізеді.
Энергетика министрлігі басшысының сөзінен кейін тұрғындар өз сауалдарын қойды.
Кездесу азаматтарды жеке қабылдаумен аяқталды.
«Қазақстан Республикасының Энергетика министрімен кездесу болашаққа өте пайдалы және жемісті болды!»- дейді елорданың белсенді тұрғындары.