Отан қорғаушылар мен батырлар! 

06 мая 2022

Осы айтулы мерекеге орай Компания кәсіподағы бейнероликтер байқауын өткізді. Жобаларында энергетиктер сұрапыл соғысқа қатысқан  өздерінің әкелерін, ата-бабаларын еске алды.  Олардың табандылығы мен ерлігі, Отанға деген сүйіспеншілігі қатал соғыста Жеңіске жеткізді.  Олай болса, Жеңіс күнін жақындатып, жауға қарсы жан аямай күрескен жауынгерлердің ерлігі ұмытылмақ емес. Салтанатты шарада ұжым фашизмге қарсы күресте қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.     

Сіздерді келе жатқан көктем мерекелері  – Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрқашан аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын. Отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз!