Раймағамбетов Қанат Қасымбекұлы (25.11.1950ж. – 04.05.2022ж.)

04 мая 2022

Қалалық электр желілерінде 1994 жылдан бастап 2011 жылға дейін өндірістік-техникалық қызметтің инженері лауазымынан бастап, бас директордың күрделі құрылыс жөніндегі орынбасарына дейінгі еңбек жолынан өтті.    

Қ.Қ.Раймағамбетовтың басшылығымен 2007 жылы кәсіпорын бөлімшелерін Сейфуллин көшесіндегі жалға алынған ғимараттан «Новая», «Левобережная», Сауран көшесі 7б ШС-ға көшіру жүзеге асырылды, энергия объектілерін салу және реконструкциялау, өндірістік қызметтерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді. Қанат Қасымбекұлының тікелей қатысуымен Комсомольский тұрғын алабында «Астана-АЭК» АҚ базасын жобалау орындалды.

Қанат Қасымбекұлы қызметтік міндеттерін адал атқарды.   Әріптестері оны мейірімді және жанашыр адам ретінде еске алады. Ұжымда зор  құрмет пен  сүйіспеншілікке ие болды.

«Астана-АЭК» АҚ ұжымы Раймағамбетов Қанат Қасымбекұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғырып, шын жүректен көңіл айтады.