Болашақ энергетиктер қауіпсіздік техникасы бойынша алғашқы нұсқаулықтан өтті. Осыдан кейін диспетчерлік қызметтер мен 110/10 кВ «Новая» шағын станциясында болды.
Студенттерге кәсіпорын және оның міндеттері туралы жалпы түсінік берілді, кәсіпорынның құрылымымен, олардағы жұмыс талаптары және ерекшеліктерімен таныстырып, өндірістік еңбекті, шағын станциялардың заманауи жабдықтарын көрсетті.