Кездесу барысында еңбек дауларын шешу мәселелері қаралды, кәсіптік одақтар туралы заңнаманың жекелеген нормалары, жылу және электр энергиясын өндіру және тарату кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ кәсіподақ мүшелерінің арасынан Қоғамның техникалық инспекторларын сайлау түсіндірілді.
Кәсіподақ төрайымы С.Баймаганбетова «Астана-АЭК» АҚ жұмыскерлеріне 01.06.2019 жылғы төлем регламенті бойынша түсініктеме берді. Кәсіподақтың 2022 жылдың 2-тоқсанына арналған жұмыс жоспары қаралды. Жиналыста ұжымға Үкімет пен ҚР Энергетика министрлігінің атына электр энергиясының тарифінен тәуелсіз, энергетиктердің еңбегіне лайықты еңбекақы төлеуге қатысты өтініш білдірілгені туралы хабарланды.
«Астана-АЭК» АҚ кәсіподағы