Жұмыстар барлық тұтынушыларды электрмен жабдықтауды толық қалпына келтіргенге дейін тәулік бойғы режимде жалғасатын болады. Қазіргі уақытта барлық бос резервтер қосымша іске қосылды (19-астам бригада).
Ажыратудың негізгі себебі – әуе желілеріне бөгде заттардың түсуі, бұл қысқа тұйықталуға және оның элементтерінің зақымдалуына әкеледі (сымдардың, оқшаулағыштардың, кабель желілерінің шеткі муфталарының үзілуі).
Тұтынушылардың электр қондырғыларында қуат беретін желілерді ажыратуға және т.б. әкеп соққан зақымданулар орын алды. Сондай-ақ тұтынушылардың желілерінде электр энергиясын ажырату, коммерциялық объектілерде электрмен жабдықтауды ажыратулар орын алды (желілер компанияның теңгерімінде емес). Олар бойынша телефонограммалар жолданды. Ескертулерді жойып, тұтынушылар өтінім бергеннен кейін оларды қосу жүргізілетін болады.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және тұрғындардан сәл шыдамдылық танытуды сұраймыз.
Әуе желілерінің ажыратылуы негізінен жеке секторда орын алды (Лесозавод, Кирпичный, Өндіріс). Электр жабдықтаусыз қалған тұтынушылардың жабдықтарын қосу үшін өтінімді, зақымдануларды жойғаннан кейін, жедел-диспетчерлік қызметтің келесі телефондары арқылы беруге болады:
- 620 456, +7 (705) 956-53-17 (дауыстық мәзір бойынша 6-ші ұстаным);
- 79 69 44, WhatsApp: +7 701 081 6562;
- Байқоңыр, Сарыарқа аудандары 620 468;
- Алматы, Есіл аудандары 620 438, WhatsApp +7 778 132 3306