Құрметті әйелдер қауымы! Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!
Елордалық электр энергетиктер ұжымының үштен бір бөлігі әйелдерден тұрады. Көбі ер адамдармен қатар иық тіресе еңбек етеді.
Олар, өндірістік блоктағы 40 әйел - шағын станция электрмонтерлері, 15 – кабельдік трассаларды қадағалау жөніндегі электрмонтерлер және 75 инженерлік-техникалық жұмыскерлер мен диспетчерлік қызмет операторлары. Өткізу блогында 107 әйел жұмыс істейді, олардың арасында жалғыз әйел бақылаушы бар. Шаруашылық бөлімінде 34 әйел тазалықты сақтайды. Даму, экономика және ӘБП блоктарында - 64 әйел бар.
Осы ару көктем мерекесінде Сіздерге дүниедегі ең маңызды және баға жетпес дүниелер: мықты денсаулық, өшпес махаббат және отбастарыңызға бақыт тілегіміз келеді. Үйлеріңізде әрдайым жылулық пен жайлылық болсын, жақындарыңыз жандарыңыздан табылып, өмірлеріңіз қуанышқа толсын!