Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы мәжіліс өткізді, онда бухгалтерияда және жоспарлау-экономикалық бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жөнінде 2-кіші топ құрылды. Қоғамның бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрық шығарылып, тиісті іс-шаралар кестесі бекітілді. Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді және бөлімше басшыларына орындауға жолданды.
«Алматыэнергостройпроект» ЖШС-нің «ПНФ» шағын станциясын қайта құруды авторлық қадағалау кезінде анықталған заңнаманы бұзу дерегі туралы өтініші бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған жоспарлы іс-шаралар мен өзге де шаралар туралы қосымша хабарланатын болады.