Донор күнін өткізуге бастамашы болған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК. Орталық жұмыскерлері кәсіпорынға барлық қажетті жабдықтарды әкеліп, талап етілетін барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, жоғары дайындықпен донорларды қабылдады.
Қазақстандықтар! Сіздің қаныңыз екінші бір адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Сондықтан донор болу туралы ойланып, дұрыс шешім қабылдаңыз. Донорлық Сізге үлкен моральдық қанағаттану және сенімділік әкеледі.