Энергетиктер күні – жылына бір келетін жарқын мерекелердің бірі. 

22 декабря 2021

«Астана-АЭК» АҚ кәсіподағының қолдаухаты бойынша электр энергетикасы саласын дамытуға сіңірген еңбегі мен қосқан үлесі үшін біздің қызметкерлер – кәсіподақ мүшелері кеше Энергетика министрлігінің, Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының және Қазақстандық энергетиктердің салалық кәсіподағының медальдарымен және төсбелгілерімен марапатталды:

  1. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасы Теңгерімдер мен шарттар қызметінің бастығы Айтимов Нұрлан Паткулаевичке табыс етілді.   
  2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгісімен Жедел-көшпелі қызметтің учаске  шебері Бекмағанбетов Қайрат Кеңесұлы марапатталды.   
  3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Құрметті энергетик» төсбелгісімен Байқоңыр АЭЖ бастығы Керейбаев Әділбек Жаңабекұлы марапатталды.  
  4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасы 220-110 кВ шағын станциялар қызметінің тарату желілері жабдықтарын жөндеу жөніндегі 5-дәрежелі электрслесарі Русак Максим Евгеньевичке табыс етілді.  
  5. Қазақстандық энергетиктердің салалық кәсіподағының   «Құрметті белгісі» медалі Жедел-көшпелі бригаданың  5-дәрежелі  электрмонтері Филипов Павел Петровичке  табысталды.   
  6. Қазақстандық энергетиктердің салалық кәсіподағының     Құрмет грамотасы Есіл АЭЖ жедел-диспетчерлік тобының режимдер жөніндегі инженері Шутова Виктория Владимировнаға табыс етілді.   
  7. Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының Құрмет грамотасы Релелік қорғаныс және автоматика қызметінің пайдалануды ұйымдастыру және жөндеу жөніндегі жетекші инженері Шмидт Алексей Валерьевичке берілді.   

Мереке күні біздер энергетика саласының ардагерлері мен еңбек сіңірген қызметкерлеріне, өз өмірін елдің энергетикалық кешенін құруға және қызмет көрсетуге арнаған, «жарық» пен «жылу» сөздері тұтас дәуір  болып табылатын   жандарға құрмет көрсетеміз.

 «Астана-АЭК» АҚ ардагер энергетиктер  кеңесінің төрағасы, өндірістік-техникалық қызмет бастығының орынбасары, «Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығының Еңбегі сіңірген энергетигі», «Құрметті энергетик» және «ТМД еңбек сіңірген энергетигі» атақтарының иегері Оразақов Рамазан Рахметұлы  құттықтау сөз сөйледі.

 Қазақстан энергетикасының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығының Еңбегі сіңірген энергетигі» атағы жедел-диспетчерлік қызметтің диспетчері Нуров Даулет Николаевичке берілді. 

Қазақстан энергетикасының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығының Құрметті энергетигі» атағы жедел-диспетчерлік қызметтің аға диспетчері Гончарук Юрий Борисовичке және 220/110 кВ шағын станциялар қызметі бастығының орынбасары Картавый Денис Петровичке берілді.  

Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының Құрмет грамотасымен 220/110 кВ шағын станциялар қызметінің шағын станцияларға қызмет көрсету жөніндегі 5-дәрежелі электрмонтері Байкова Галина Юрьевна,  даму қызметінің күрделі құрылыс бөлімінің инженері Лукьянова Людмила Васильевна, Сарыарқа АЭЖ 2-топтың учаске  шебері Мұқашев Азамат Амантайұлы, электр желілеріне қол жеткізу қызметінің талдау және техникалық ақпарат бөлімінің бастығы Қажкенова Гүлден Нұрланқызы, Есіл АЭЖ 1-топтың аға шебері Жүнісов Медет Мусланбекұлы марапатталды.

Елеулі еңбегі, электр энергетикасы саласын дамытуға қосқан үлесі және өндіріс пен еңбек жағдайларын ұйымдастыру бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Еңбегі сіңген энергетик» атағы 220-110 кВ әуе желілері қызметінің электр берудің әуе желілерін жөндеу жөніндегі 6-дәрежелі электрмонтері Бендус Сергей Владимировичке  және Пайдалану сенімділігі және қауіпсіздік техникасы қызметінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері Абикенов Бағытжан Молдақанұлына  берілді.  

Электр энергетикасы саласына қосқан елеулі үлесі үшін «Құрметті энергетик» атағы жедел-көшпелі қызметтің 1-топтың аға шебері Лепихин Андрей Владимировичке берілді.

«Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медальдарымен орталық диспетчерлік қызметтің аға диспетчері Ермағанбетов Талғатбек Макимович және Диспетчерлік технологиялық басқару құралдары қызметінің бастығы Явтухович Игорь Владимирович марапатталды.   

 Біздің кәсіпорынның міндеті – электр энергиясын беру және тарату болып табылады. Кәсіпорын қызметкерлері елорда  тұтынушыларын сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету барысында  өз жұмыстарын абыроймен орындауда. Олардың 114-і Басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

 

           Құрметті энергетиктер!

           Сіздердің міндеттеріңіз – адамдарға жарық, әлемге жылу беру,  жайлылықты қамтамасыз ету, сайып келгенде «өмір беру» дегенді 

білдіреді! 

          Мереке күні  Сіздерге отбастарыңызға амандық, ұзақ та бақытты ғұмыр,   зор денсаулық, табысты еңбек күндерін тілейміз!