Қазақстанның үлкен спорттағы жетістігі ұлттық және командалық рухты қолдауға әсер еткенін атап өткіміз келеді. Тәуелсіздік жылдарында 25-тен астам қазақ ұлттық спорт түрлері жаңа тыныс алды. Мысалы, «Тоғызқұмалақ» жарысы ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізіміне және біздің жыл сайынғы спартакиадаға енді. Біздің спартакиадада жыл өткен сайын спорт түрлері мен өздерінің спорттық біліктіліктерін көрсеткісі келетіндердің саны артып келеді.
Салтанатты бөлімде «Нұр-Сұлтан қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысы Құлұшев Төлеген Базарбайұлы сөз сөйлеп, спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын ұстану өте маңызды екенін атап өтті. Өйткені тұрақтылық пен жұмыс тиімділігі әрбір қазақстандықтың жігері мен денсаулығына тікелей байланысты.
Сайыс нәтижесі бойынша біздің команда жалпыкомандалық есепте жүлделі үшінші орынға ие болды.
Барлық қатысушылар: мақсаттылық, батылдық, командада жұмыс істей білу сияқты ең жақсы қасиеттерді көрсете білді. Бұл қасиеттер спортта ғана емес, кәсіби аренада да жеңіске жетуге көмектеседі.