Оған «Нұр-Сұлтан қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысы Құлұшев Төлеген Базарбайұлы құрметті қонақ болып, энергетиктерді ұлттық мерекемен құттықтады. «Біздің еліміз Елбасының басшылығымен Тәуелсіздік жылдарында барлық қиындықтарды еңсеріп, қуатты мемлекетке айналды. Сіздерге ерекше жауапкершілік – еліміздің астанасын сапалы энергиямен қамтамасыз ету міндеті жүктелді. Тәуелсіздік жылдарында ұжымның және әрбір жұмыскердің күш-жігерінің арқасында қаланың энергия жүйесін көтеріп, оны жаңа сапалы деңгейге шығаруға қол жеткізілді»-деді өз сөзінде Төлеген Базарбайұлы.
Кездесу барысында Басқарма төрағасы С.Т.Балқышев пен жедел-көшпелі қызметтің электрмонтер-жүргізушісі Ю.С.Сыромолотовты мерейтойлық медальдармен марапаттау рәсімі өтті.
Сондай-ақ, компанияның 20 қызметкері Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Қазақстандықтарды келе жатқан мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық және ашық аспан тілейміз!