Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығында тұңғыш Президент күні белгіленген Заңның бекітілгеніне 10 жыл толады.
Мереке күнін таңдаудың тарихи алғышарты мен негізі 1991 жылғы 1 желтоқсанда болған оқиға болды: алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 98,7 пайыз қолдауына ие болды.
Ел азаматтары Қазақстанның егеменді мемлекет ретіндегі табысты дамуын басшының есімімен байланыстырады. Ел тарихының шешуші сәттерінде Нұрсұлтан Назарбаев тарихи шешім қабылдай отырып, өзін дана мемлекет қайраткері ретінде көрсете білді.
Егемен Қазақстанның барлық жетістіктері Елбасының есімімен байланысты. Отанымыз нығайып, гүлдене берсін! Біздің барлық арманымыз нәтижелі, ал болашағымыз жарқын болсын!