«Астана-АЭК» АҚ қызметкерлері жыл сайынғы «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясына қатысты. 1999 жылғы 17 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы 25 қарашаны әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні деп жариялады. Бұл шешімді барлық елдер, соның ішінде Қазақстан да қолдады.
Бұл күн зорлық-зомбылықтың барлық түрлеріне және әлсіз жыныс өкілдеріне қиянат жасауға қарсы тұрудың символы ретінде қызмет етеді.
Акцияның негізгі мақсаты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың жолын кесу жөнінде қолданылатын шаралар туралы халықтың қалың жігін таныстыру болып табылады.
Жыл сайын елімізде әйелдерге қарсы 2,5 мыңнан астам қылмыс тіркеледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшелердің штатын қалпына келтіруді тапсырды.
Бүгін бізге кездесуге әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы, полиция подполковнигі Шрахметова Гульмира келді. Ол зорлық-зомбылық түрлері, агрессорларға қатысты қолданылатын шаралар, сондай-ақ дағдарыс орталықтарының жұмысы туралы айтты. Қатысқан әйелдер тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Барлық сұрақтарға жауап алынды. Халықаралық қозғалыспен ынтымақтастықтың белгісі ретінде науқанға қатысушылар киім мен аксессуарларда күлгін түсті пайдаланады. Бұл әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа көнуге болмайтындықты білдіреді.
Акция 10 желтоқсанға дейін - Адам құқығы күніне дейін жалғасады.
Елорда тұрғындары үшін әрдайым көмек ала алатын сенім телефондары бар.
Сенім телефоны 71-60-63
«Үміт» Дағдарыс орталығының сенім телефоны 49-78-89