Құрметті жарысқа қатысушылар!

24 ноября 2021

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл қарсаңында электроэнергетика саласының қызметкерлері арасында ағымдағы жылдың 27 қарашасында «EnergyChess-2021» - онлайн жарыстың алғашқы кезеңі басталады.

Қазіргі кезде жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 50-ден аса қатысушы тіркелген.

Энергетика – бұл тұтынушыларды сенімді электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету үшін терең білім, шыдамдылық және еңбекқорлықты қажет ететін сала болып табылады. Энергетиктер ұжымы әр үйде жылу мен жайлылық болуы үшін тәулік бойы кезекте тұрады.

Шахмат – спорттан да жоғары, бұл тек ойын ғана емес. Әр қабылдаған шешімге сенімді болу қажет, ойынның нәтижесі әр кезеңіне тікелей байланысты. Сондай-ақ, энергетиктер отынмен қамтамасыз етуден бастап энергияны таратуға дейін қателік жібермейді. Тек бірлескен және достық қатынастағы жұмыс авариясыз, сонымен қатар қауіпсіз жұмысты қамтамасыз етеді.

Құрметті әріптестер!

Нағыз мықты жеңіске жетсін!!!

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті