Есептегіштердің көрсеткіштерін уақтылы беруге, ең алдымен, тұтынушылардың өздері мүдделі. Ол келесі кезеңдерде қайта есептеу қажеттілігін тудырмайды.
Ай сайын көрсеткіштерді уақтылы және дұрыс жіберетін абоненттер нақты тұтынуды төлейді. Көрсеткіштер болмаған кезде есептеу Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес алдыңғы есептік кезеңнің орташа тәуліктік шығыны бойынша жүргізіледі.
Көрсеткіштерді қабылдау әр айдың 26-сынан жеке және заңды тұлғалар бойынша жүзеге асырылатынын еске саламыз. Есептеулердің дұрыстығы үшін көрсеткіштерді айына бір рет Сізге ыңғайлы түрде беру керек.
Көрсеткіштерді беру әдістерінің толық тізімін www.astrec.kz сайтынан табуға болады.
Немесе келесі телефондарға хабарласыңыздар:
- жеке тұлғалар: 620 456 (ауыстық мәзір арқылы 1-ші позиция), 620-423, 620 424, 620 425, 620 457 (ішкі 2506 немесе 2507), 8 771 083 77 93;
-заңды тұлғалар: 620 456 (ауыстық мәзір арқылы 1-ші позиция) 620-417, 620-418, 620-419, 8 771 083 77 92.