Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамадағы өзгерістерге байланысты 2021 жылғы наурыздан бастап біздің ұйымда комплаенс-офицер институтын енгізу басталды. Комплаенс-офицердің негізгі міндеті жұмыскерлердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу болып табылады.
Осы міндетті іске асыру мақсатында бөлімше басшыларының қатарынан Қоғамның Басқарма төрағасының басшылығымен жұмыс тобы құрылды.
Бекітілген кестеге сәйкес, жұмыс тобының мүшелері ағымдағы жылдың сәуір-қыркүйек айлары аралығында барлық бөлімшелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. Үнемі акционерлерге жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ақпарат жолданады.
Нәтижелерін кейіннен Қоғам Басқармасының отырысында қарау үшін қазіргі уақытта жұмыс тобының жүргізілген жұмысына талдау жүзеге асырылуда, бөлімше басшыларының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат өңделуде.
Естеріңізге сала кетейік, комплаенс-офицер «Астана-АЭК» АҚ қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша +7 708 425 0283 WhatsApp арқылы немесе 250283 телефон арқылы өтініштер қабылдайды.