Бүгінгі таңда «Астана АЭК» АҚ кәсіподағы жұмыскерлер мен жұмыс беруші арасында ұжымдық шарт жасасуға белсенді қатысады. Онда ұйымның жұмысын тұрақтандыруды қамтамасыз ету, жалақыны ұлғайту, материалдық-техникалық базаны нығайту, заңнамада регламенттелмеген жеңілдіктер мен өтемақылар беру, кадрлық әлеуеттің сапалық деңгейін арттыру, еңбекті қорғау мен қызметкерлердің денсаулығын жақсарту бойынша өзара міндеттемелер көзделген.
Кәсіподақ мүшелері келісу және тәртіптік комиссиялардың құрамына кіріп, ұжымдық еңбек дауларын реттеуге қатысады. Кәсіподақ өзінің мүшелеріне ұйымның ұжымдық шартында көзделмеген бір жолғы материалдық төлемдер төлеп, кәсіподақ мүшелері мен олардың балалары арасында іс-шаралар, конкурстар ұйымдастырады.
Мерекеге орай кәсіподақ қызметіне белсенді қатысқаны үшін «Қазэнергокәсіподақ» ҚБ төрағасы О.Бекбастың атынан алғыс хаттармен қызметтің сылақшы-сырлаушысы Старчак Виталий Терентьевич, ОДҚ жетекші инженері Аубакирова Перизат Бауыржановна, баспасөз-хатшысы Аширбекова Алия Муслимовна марапатталды.
Баршаңызға бейбітшілік, жақсылық, молшылық және еңбекшілердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау жолында табыс тілейміз!