Тәжірибе көрсеткендей, ең оңай әдіс – кабельді (сымды) әуе желілерінің сымдарына «тастау», яғни электр желілеріне заңсыз қосылу болмақ.
Мысалы, 2021 жылғы 14 қыркүйекте Сарыарқа ауданы бойынша жоспарлы тексерулер жүргізу барысында біздің өкілдеріміз электр энергиясын шартсыз тұтынатын, «Астана-АЭК» АҚ теңгеріміндегі электр желілеріне «тастау» арқылы қосылған сауда павильонын анықтады. Аталған дерек бойынша ЭЭПҚ бұзушылық туралы акт жасалып, төлем сомасы ұсынылды.
«Астана-АЭК» АҚ шығынын өз еркімен уақтылы өтемеген тұтынушыларға қатысты кінәрат-қуыным жұмысы жүргізілуде.