Дүниежүзілік тазалық күнінің мақсаты планетаны қоқыстан тазарту және «тұрақты тазалықты» қамтамасыз етуге шаралар қабылдау үшін барлық адамдарды бір командаға біріктіру болып табылады.
«Астана-АЭК» АҚ-ның 700-ден астам жұмыскері қала көшелерін санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша күзгі жұмыстарға шықты. Қолайлы ауа-райы көгалдарды, орман-саябақ аймақтарын, бекітілген аумақтарды ретке келтіріп, сондай-ақ Тілендиев даңғылы бойында Кенжин көшесінен Келешек тұйық көшесіне дейін ағаш отырғызуға мүмкіндік берді. Жұмыстың көп бөлігін компания қызметкерлері 48-тарату пункттері мен трансформаторлық шағын станциялардың аумақтарында орындады.
Энергетиктер жапырақтарды жинап, қоқыстарды шығарып, ағаш түптері мен жиектастарды ағартты. Есіл өзені бойындағы саябақта ұжым болып ағаш отырғызу шаралын ерекше атап өту керек. Елорданы көгалдандыру «Birge–tazaQazaqstan» республикалық акциясы аясында өтуде.
- Біздің қаламыз, көшелеріміз гүлденіп, өзінің барлық сұлулығын көрсетуі үшін Астананың әрбір тұрғыны мен қонағы ұқыпты болып: қоршаған ортаның тазалығын сақтауы тиіс. Себебі, бұл біздің ортақ үйіміз және оның қандай болатыны бізге байланысты, – дейді сенбілікке қатысушылар.