«Астана-АЭК» АҚ қызметкерлері Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бұзу деректерін үнемі анықтап отырады.
2021 жылғы 08 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы Жанкент көшесі бойынша жеке тұлғаның есепке алу құралын қосу схемасын және кірістегі құрылғыны жоспарлы тексеру кезінде тоқ трансформаторының екінші реттік тізбектерінде бөгетті заңсыз орнату анықталды, осылайша коммерциялық есепке алу құралын, тоқ және кернеу трансформаторларын үш фаза бойынша қосу схемасы бұзылған. Аталған дерек бойынша Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бұзу туралы акт жасалды және соңғы жылы нақты қосылған жүктеме бойынша электр энергиясының көлеміне 93 664 кВт*сағ көлемінде қайта есептеу жүргізілді.
Осыған байланысты, «Астана-АЭК» АҚ Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бұзуды болдырмау үшін электр энергиясының көлемін заңсыз тұтынуға жол бермеу керектігі туралы хабарлайды және ескертеді.